Қазақстанның қауіпсіздік кеңесіне жаңа басшы келді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды kznews.kz.
Бұл хабарды Ақорда мәлімдеді.
“Мемлекет басшысының Жарлығымен Мұрат Қалибекұлы Баймұқашев Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі аппаратының басшысы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды”, – делінген хабарламада.
Мұрат Баймұқашев туралы не белгілі?
Мұрат Қалибекұлы Баймұқашев 1967 жылы 23 мамырда дүниеге келген.
1994 жылы Қазақ ауыл шаруашылығы институтын, 1998 жылы ҚР ҰҚК (ІІМ) Қарағанды жоғары мектебін, 2015 жылы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясын үздік бітірген.
1994-2009 жылдары - ішкі істер органдарының кіші, орта және аға басшылығы құрамдарында қызмет еткен.
2019 жылғы 10 сәуірде Мемлекет басшысының Өкімімен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының орынбасары қызметіне тағайындалды.
2020 жылдың наурызынан бастап қазіргі уақытқа дейін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы қызметін атқарды.