KZNews.kz
Қоғам

“Мұндай мектеп Африкада да жоқ” - Алғашқы қоңырау соғылған ескі тозығы жеткен мектеп елдің талқысына түсті

Айжан Сыланова
Фото: alash.kz

Алғашқы қоңырауға бар болғаны 15 оқушы қатысқан. Құжат бойынша мұнда 6 мұғалім жұмыс істейді. Видеодан мектеп ғимаратының әбден тозғаны, іргетасының қирағалы тұрғаны, ауласына жол салынбағаны анық көрінеді.

1984 жылы салынған бұл мектепке соңғы 40 жылда күрделі жөндеу жүргізілмеген. Мұғалімдер өз күшімен сырлап-әктеп отырғанымен, ескі терезе, жабылмайтын есік пен тар сыныптар ауыл балаларының күнделікті шындығына айналған.

Тұрғындар биліктің назар аударуын күтуде.

Айжан Сыланова
2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.
Автордың басқа материалдары →