Қазақстан соғысқа дайындалып жатқан жоқ – Айдос Сарым
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Мұхаммед Пайғамбар және айна

Мұхаммед Пайғамбар және айна

Күндердің күнінде адамзаттың асыл тәжі болған Пайғамбарға (с.а.у.) қас дұшпаны Әбу Жәһл келіп былай дейді:

— Сен – мен үшін ең жек көретін адамсың. Сенің бойыңда халық арасына іріткі салып, оларды араздастыру ниеті ғана бар. Меккеліктердің ауызбіршілігін бұзған адамның бірісің.

Мұны байсалдылықпен тыңдап тұрған Пайғамбар (с.а.у.):

— Дұрыс айтасың, деп жымиған түрде тұра береді. Ертесіне оның жақын досы Әбу Бәкір (р.а.) Пайғамбарға (с.а.у.) келіп:

— Мен жер бетінде сенен артық жан бар екенін білмеймін. Сен адамдар арасына мейірім мен рахымдылық қасиетін алып келдің. Меккеліктердің арасында ең жаны жылы адам – сенсің. Сенің көркем мінезіңнен асқан мен үшін ешқандай адам жоқ,-деп мақтай түседі. Сонда пайғамбар:

— Расымен де мен мен адамдардың арасында айнамын. Кімде-кім маған қараса, өзін көреді,-деген екен.

Жалғас АСХАТҰЛЫ,

дінтанушы

Дереккөз: http://kazislam.kz/
Автор
Бауыржан