«Нәтиже болмаса қоштасамыз»: Бектенов Kazakh Tourism басшысына ескерту жасады
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Мұхамеджан Дүзенов | өмірбаяны

Мұхамеджан Дүзенов |  өмірбаяны

Мұхамеджан Дүзенов (1924–1979) - 18 қазанда қазіргі Қостанай облысының Жангелдин ауданында туған. 

1942 жылы Амангелді орта мектебін бітірген. 

1947 жылы Қостанай қаласына барып, облыстық газетке қызметке тұрған. 

1952 жылы М.Горький атындағы Әдебиет институтын (Мәскеу) тамамдаған соң, Қазақ радиосында істеген. Абай атындағы академиялық опера және балет театрының әдебиет бөлімін басқарған, Қостанай облыстық газетінің меншікті тілшісі, мәдениет бөлімінің меңгерушісі болған. 

1960 жылы Қазақстан Жазушылар одағының аппаратына ауысып, әдеби кеңесші болып істеген. Қазақ радиосы комитетінде Бас редактор, Қазақ КСР Мәдениет министрлігі репертуарредакция алқасында Бас редактор секілді жауапты қызметтерде болған.

Алғашқы өлеңдері мен әңгімелері 1949 жылдан баспа бетінде жарық көре бастаған. Бірнеше повесть, роман кітаптары, драмалық шығармалары дүниеге келді. Бір актілі пьесалар конкурсында «Аралдың алтын балығы» атты туындысы екінші бәйге алды (1967). Прозалық шығармалары бірнеше дүркін «Советский писатель» баспасынан шықты. Ол В.Васильевскаяның «Пламя на болотах» романын, С.Маршактың «Умные вещи» пьесасы, Л.Кассильдің «Ход белой королевы» туындысын қазақшаға аударған.

Шығармалары: Ақ әже. Повесть. А., «Жазушы», 1968; Ұзақтың жолы. Повесть. А., «Жазушы», 1971; Әке болғым келеді. Роман. А., «Жазушы», 1971; Сын Тлектеса. Повесть. М., «Советский писатель», 1974 ; Ант. Роман. А., «Жазушы», 1975; Шығармаларының екі томдығы. І–ІІ том, А., «Жазушы», 1985.

Автор
Санжар