KZNEWS.KZ
Қоғам

Мұғалімдерге кешкі сағат 18:00-ден кейін ата-аналарға жауап бермеуге рұқсат берілуі мүмкін

• Айжан Сыланова
Фото: primeminister.kz

Қазақстандық мұғалімдерге ата-аналардан келетін хабарламаларға кешкі сағат 18:00-ден кейін жауап бермеуге мүмкіндік берілуі мүмкін. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мәлімдеді, деп хабарлайды kznews.kz.

Министрдің айтуынша, ата-аналар чаттарында мұғалімдерге сұрақтарды жұмыс уақыты ішінде, яғни сағат 18:00-ге дейін қою ұсынылады. Ал одан кейін педагогтің жеке уақытына құрметпен қаралуы керек.

«Біздің ұстанымымыз нақты: ата-аналар чаттарында сағат 18:00-ге дейін сұрақтар қоюға болады деп есептейміз. Ал 18:00-ден кейін әр мұғалімнің жеке өмірі бар және оны құрметтеу қажет», – деді министр.

Сүлейменованың айтуынша, биыл «Педагог мәртебесі туралы» заңға тиісті өзгерістер енгізіліп, мұғалімнің сабақ кезіндегі және сабақтан тыс уақыттағы міндеттері, сондай-ақ мектеп пен оқу процесіне қатысты жауапкершілік аясы нақтыланады.

Яғни жаңа талаптар педагогтердің жұмыс пен жеке уақыт арасындағы шекарасын нақтылауға бағытталмақ.

Айжан Сыланова
2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.
Автордың басқа материалдары →