Шикізат шырмауынан шығуға жанталас: агроөнеркәсіп кешенінің дамуына не кедергі?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

"Мұғалімдердің жартысынан көбі өз пәнін білмейді" – Мәжіліс депутаты шындықты ашып айтты

"Мұғалімдердің жартысынан көбі өз пәнін білмейді" – Мәжіліс депутаты шындықты ашып айтты
Informburo.kz

Қазақстандағы мектеп мұғалімдерінің едәуір бөлігі өз пәні бойынша тестілеуден өте алмаған. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Ирина Смирнова QAIMAQ YouTube арнасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды kznews.kz.

Депутаттың сөзінше, мұғалімнің пәнді меңгеруі – ең алдымен сол педагогтың жеке жауапкершілігі.

"Мен мұғалімдерді өз пәнін оқытуға арнайы үйрету қажет деп ойламаймын. Егер адам өзін биологпын десе, онда пәнін қаншалықты меңгергені үшін өзі жауап беруі керек. Бұл – мемлекеттің, әкімдіктің немесе біліктілікті арттыру курстарының міндеті емес, тікелей мұғалімнің жауапкершілігі", – деді Смирнова.

Оның айтуынша, жылдар бойы жүзеге асып келе жатқан мемлекеттік біліктілікті арттыру бағдарламаларына қарамастан, педагогтарды даярлау және олардың кәсіби деңгейін көтеру ісінде жүйелі кемшіліктер сақталып отыр.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер