KZNews.kz
Шоу-бизнес

"Мұғалімдерді қорлаған депутат орнын босатсын!" деді белсенді педагог

Ayzhan Sylanova
Коллаж Democrat.kz

Белсенді педагог Сәния Нүсіпәлі күні кеше Мәжіліс депутаты Ирина Смирнованың мұғалімдердің біліктілігіне қатысты айтқандарына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды kznews.kz Democrat.kz сайтына сілтеме жасап.

Еске салып өтейік, кеше депутат Ирина Смирнова "Мұғалімдердің жартысынан көбі өз пәндерін білмейді" дегенге саятын пікір білдіріп, аттестациядан өте алмаған мұғалімдерді сынаған еді.

"Анабіреу депутат, мұғалімдердің жартысынан көбі, өз пәнін білмейді депті. Ақпаратты қайдан алған? Ел арасындағы өсек-аяңнан ақпаратты алып соға беретін болған ба? Сауатсыз депутаттар орнын босатуы керек?!

1. Дәлелденбеген жалған ақпаратты, мінберде айтқан депутатқа шара қолдану керек. Мұғалімдерді қорлауды осы сияқты өсекші депутаттар бастайды. Бұл депутатты сотқа беруге де, болады. Өйткені, негізсіз ақпарат айтты.

2. Бүкіл елдің білім саласына топырақ шашып отыр. Аузым бар деп былшылдай беруге болмайды.

3. Педагог дайындап жатқан, жоғары оқу орындарына, тас лақтырып отыр.

4. Мұғалім мәртебесін таптап, мұғалімдерге өтірік кінә артып отыр?!

Сондықтан ел алдында жауап берсін! Не дәлелдесін.

Өз мандатын халықты қаралап сақтап қалу ма? Жоқ, елде болып жатқан, халықтың үкілеген үмітін жеткізу ме? Әйтеуір, парламенттің төрінде бажылдап, өтірік ақпарат айту ма?!"деп жазды. 

Ayzhan Sylanova
Автордың басқа материалдары