KZNews.kz
Қоғам

“Мұғалімдер кінәлі”: Депутат әскердегі әлімжеттікке кім кінәлі екенін айтты

Ayzhan Sylanova
Фото: ғаламтордан

"Хабар" арнасында өткен "Қоғам пікірі" бағдарламасында әскердегі тәртіпсіздік мәселесі сөз болып, проблеманың себебі айтылды, деп хабарлайды kznews.kz Democrat.kz сайтына сілтеме жасап.

Бағдарлама кезінде депутат Болат Керімбек қазіргі әскердегі тәртіпсіздікке қатысты пікір білдіріп, бұл пәнді оқытушы мұғалімдерге кінә артты. 

"Неге біздің жастар мектеп бітірген соң, әскерге барғысы келмейді? Біз осы сұрақтың жауабын іздеп, зерттеп көрдік. Мұның себебі барлық мәселе мектеп қабырғасындағы осы пәннің дұрыс оқытылмауынан болып шықты. Ал осы пәннің мұғалімдерінің жартысынан көбі әскерде болмағандар екен" деп кезінде өздері алғашқы әскери дайындық пәнінде оқыған сәттерді еске алды. 

Әлеуметтік желіде қызу талқыға түскен депутаттың сөзіне мұғалімдер қауымы реніш білдіріп, ал былайғы жұрт "шенеуніктердің балалары неге әскерге бармайды?" деген сұрақты қоюда. 

Ayzhan Sylanova
Автордың басқа материалдары