Халықтың 5 пайызы кедей: өңірлердің әлеуметтік әлеуеті әлсіреді ме?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Мұғалімдер енді сабақтан тыс уақытта оқушы үшін жауап бермейді

Мұғалімдер енді сабақтан тыс уақытта оқушы үшін жауап бермейді
Фото: depositphotos.com

Қазақстанда заң жүзінде мұғалімдердің оқушылар үшін жауапкершілігі тек оқу процесі кезінде ғана белгіленбек. Ал сабақтан тыс уақытта немесе төтенше жағдай кезінде балалар үшін ата-аналар немесе заңды қамқоршылар жауап береді, деп хабарлайды kznews.kz.

Заң жобасын таныстыру барысында Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов мұғалімдер мен мектеп директорлары оқу процесінен тыс уақытта балалар үшін жауап бермеуі керек екенін нақты айтты.

Оның айтуынша, соңғы жылдары елде бірнеше резонансты жағдай тіркелген. Оқушылар жазғы демалыс кезінде, кешкі уақытта немесе демалыс күндері құқық бұзушылық жасап немесе қиын жағдайға тап болған. Ол сәттерде мұғалімдер жұмыста болмаған. Соған қарамастан, кейбір мектеп директорлары мен ұстаздар тіпті қызметінен босатылған.

– Бұл әділетсіз. Сондықтан біз заңға нақты норма енгізіп отырмыз: педагог баланың өмірі мен денсаулығына тек оқу-тәрбие процесі кезінде және өзінің қызметтік міндеті аясында ғана жауап береді. Жазғы каникул – ата-ананың жауапкершілігі. Түнгі уақыт – ата-ананың жауапкершілігі. Демалыс күндері – ата-ананың жауапкершілігі, – деді депутат.

Аймағамбетов педагогтарды қорғау қажет екенін атап өтіп, бұл мәселеде заңда екіұшты түсінік болмауы тиіс екенін айтты.

Мәжіліс депутаты Ирина Смирнова да осы пікірді қолдап, мұғалім өз ықпалынан тыс жағдайлар үшін жауап бермеуі керек екенін жеткізді.

– Оқушы үшін мұғалімнің жауапкершілігі тек сабақ уақытында болуы өте маңызды норма. Сабақтан тыс уақытта баланың жауапкершілігі тек ата-анасына жүктелуі тиіс. Мұғалімнің негізгі міндеті – білім беру, – деді ол.

Автор
Дархан Тоқан

Журналист. Блогер. Фрилансер