Қазақстанның облыс әкімдерінің рейтингі жарияланды: көш басында кім тұр?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

"Мұғалім есек пе, жүк арта беретін?" дейді наразы ұстаз

"Мұғалім есек пе, жүк арта беретін?" дейді наразы ұстаз

Алдағы уақытта мектеп мұғалімдеріне экстремизм туралы заңды жетік білу міндеттеледі. Бұл туралы Оқу ағарту министрлігі арнайы хабарлаған болатын. 

Осы міндеттемеге байланысты әлеуметтік желілерде ұстаздар арасында қызу талқы жүріп жатыр. Мысалы, ТикТок желісінде Ayzhan Iliyaskizi атты блогердің осы міндеттемені хабарлауы мұң екен, видеоның асты төмендегідей пікірге толды:

Куралай: «Мектепке арнайы дінтанушы штат берсін барлығы оранып сақал қойып қысқа балақ киіп кетті».

Naiko: «Иә, енді мұғалімнің имам болуы қалып еді келесі жылы мұғалімдер уағыз айтсын деген міндет шықпасын».

Gulbarshin: «Дінге келсе ,ол ата анасының,үйінде қадағаласын,мұғалім тек білім беруші».

Гуля0804: «Мұғалім есекпа жүк арта беретін. Қанша жүкпен міндет артсада үндемей көтере беретін. Дінтану пәнін факультатив емес негізгі пән етіп оқытылсын». 

Jansaya0210: «Тағы не істейік? Үйленгенше бағайық та. Үйленбей қалса, армиядан қашса- қуалап жүріп тауып береміз».

uservu6xh0gu7y: «Балаларды біздің атымызға жазып бере салсын да».

Сондай-ақ байқағанымыз, министрліктің бұл міндеттемесін ешбір мұғалім қос қолдап қолдап жатқан жоқ. Онысы қисынды да. Себебі мұғалім сыныпқа жетекшілік ете ме, бітпейтін құжаттар толтыра ма, әлде діни экстремизм туралы заң жаттап, балаға үйрете ме?

Дін мәселесінде министрлік мұғалімді шапқылатпай, әр ата-анаға міндеттеме жүктегені әлдеқайда ақылға қонымды емес пе еді? Сіз бұған не айтасыз?

Дайындаған: Хақназар САДЫРХАН.

Democrat.kz.

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды. 

Автор
Еркебұлан