Бұқара мен банктер: несие портфелі 40,2 трлн теңгеге жетті
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Мұғалім емтихан тапсыра алмаған баланың басынан телефонмен ұрған(ФОТО)

Мұғалім емтихан тапсыра алмаған баланың басынан телефонмен ұрған(ФОТО)
Фото: depositphotos.com

Таиландтың Сарабури қаласының тұрғыны Фитак мырза 7 жастағы ұлы интернетке тым көп уақыт жұмсайтындықтан қосымша сабақ өткізетін мұғалім тапқан, деп хабарлайды kznews.kz MS News басылымына сілтеме жасап.

Қосымша білімнің артық етпейтінін ескеріп, ол баласына 50 жастағы Джиранан есімді репетитор жалдаған. Алайда көп ұзамай бала мұғалімнің тым қатал екенін айтып шағымдана бастаған. Ол баланың құлағынан тартып, арқасынан ұрады екен. Әкесі бастапқыда баласының сөзіне сенбеген, бірақ бір күні сабақтан кейін баланың басында жара пайда болғанын көрген соң ғана жағдайға көз жеткізген. Белгілі болғандай, бала тестте үш қате жібергені үшін репетитор оны ұялы телефонымен басынан ұрған.

Жарақат өміріне қауіп төндірмегенімен, емдеуді қажет етеді. Джиранан Фитакқа 15 доллар көлемінде өтемақы ұсынған, алайда әкесі ашуға булығып, одан бас тартқан. Ер адам полицияға жүгініп, тіпті репетитор одан да көп ақша ұсынса да келіспейтінін айтқан. Оның айтуынша, мәселе ақшада емес, бастысы - бұл әйелдің енді ешқашан балаларға зиян келтірмеуі.

Автор
Дархан Тоқан

Журналист. Блогер. Фрилансер