Қазақстанның облыс әкімдерінің рейтингі жарияланды: көш басында кім тұр?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Мүфти темекіге тәуелді адамдарды  қажылыққа жібермеуді сұрады

Мүфти темекіге тәуелді адамдарды  қажылыққа жібермеуді сұрады

Астана. 31 қаңтар. KAZISLAM – Енді темекі шегу секілді жаман әдеттен арылмаған азаматтардың Сауд Арабиясына қасиетті жерлерге кіруіне тыйым салу керек. Бұл туралы Түркияның Дін істері басқармасының басшысы Али Эрбаш мәлімдеді.

Оның айтуынша, Үлкен және кіші қажылыққа темекі шекпейтіндер баруы керек. Мүфти сондай-ақ мешіттерде имамдық қызметке де шылым тартатындар алынбауы тиістігін атап өтті. Дін қызметкері болғысы келген мұсылман никотинге тәуелділіктен арылуы тиіс.

Али Эрбаш темекіден туындайтын ауруларды айта келе, адамның да рухани тұрғыда әлсіреуіне әсер ететінін жеткізді, деп жазады Islam-today.

Еске сала кетсек, Түркияда темекі үлкен мәселелердің бірі. Деректер бойынша никотинге тәуелділіктен елде мыңдаған тұрғын зардап шегеді.

Дереккөз: http://kazislam.kz/
Автор
Санжар