Сондай-ақ Алтынбек Рахымберді "Халық арна қазір Муфтияттікі емес. ҚМДБ -ның ресми каналы МҰНАРА ТВ." деген жазбасына Бекжан Сабыржанұлы "Алтынбек Рахымберді, тап қазір эфирден "Ихсан ілімі" деген бағдарлама өтіп жатыр. Мүфтияттың тапсырысын әлі де орындап отыр ма демек? Халық арнаны бас мүфти былтыр ашқан, биыл ресми жабылғанын жариялады ма?" деп осы суретті жариялады.
Өткен жылдың қараша айында Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлының қолдауымен "Халық арна" телеарнасы ашылған болатын. Бас мүфти ашқан телеарнаның бір жылға жетер-жетпес уақытта азғындықты көрсетіп кеткені өкінішті.
Серғали Асланбек