KZNews.kz
Қоғам

Мойынқұм ауылында тойдан кейін атыс болып, төрт адам жараланды

Ayzhan Sylanova

Бастапқы мәліметке сәйкес, Мойынқұм мен көршілес Құшаман ауылының жастары арасындағы жанжал ауылдағы той кезінде басталып, кейін дүкен алдында қақтығысқа ұласқан. Сағат шамамен 22:00 кезінде топ арасында оқ атылған. Оқиға салдарынан 1997, 1999, 2003 және 2006 жылы туған төрт ер адам түрлі жарақатпен аудандық ауруханаға жеткізілген.

Аталған жағдай бойынша полиция дереу «Ұстау» (Перехват) арнайы жоспарын жариялап, күдіктілер мінген екі көлікке іздеу салынды:

Қазіргі таңда оқиға бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің «Адам өлтіруге оқталу» бабымен, яғни алдын ала сөз байласу, кек алу және атыс қаруын қолдану белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған.

Полиция тергеу шараларын жалғастырып, оқиғаға қатысы бар адамдарды анықтап жатыр.

Ayzhan Sylanova
Автордың басқа материалдары