Танымал продюсер Мөлдір Мұқанова әзілкеш Тұрсынбек Қабатовпен некесі бұзылған кезеңді еске алып, отбасындағы жағдайға енесінің қалай қарағанын айтып берді.
Мөлдір Мұқанова журналист Жанар Байсемізге берген сұхбатында жеке өміріндегі қиын кезеңдер туралы ашық әңгімеледі. Оның сөзінше, Тұрсынбек Қабатовпен арадағы қарым-қатынасы аяқталуға жақындағанда, отбасының үлкендері ерлі-зайыптыларды татуластыруға араласпаған.
Продюсер әсіресе енесі тарапынан ешқандай қолдау немесе ақыл-кеңес болмағанын жеткізді.
"Анасы келіп басу айтып, араласпады. Өкінішке қарай үлкендер тарапынан тоқтау болмады", - деп қысқа қайырды ол.
Сұхбат барысында Мөлдір Мұқанова көп әйел алуға қатысты да өз ұстанымын білдірді. Ол мұндай жағдайға ешқашан келісім бермейтінін және тұрақты түсініспеушілікпен өмір сүргеннен гөрі некені тоқтатуды дұрыс көретінін айтты.
Продюсердің пікірінше, мұндай қарым-қатынаста өмір сүру әйел үшін ғана емес, балалар мен жақын туыстар үшін де ауыр сынаққа айналады. Әсіресе отбасылық мәселелердің көпшілік талқысына түсуі жағдайды одан сайын қиындатқан.
"Бұл ауыр тақырып, көзбояушылық. Өмір бойғы арпалыс, салыстыру. Берекеті етеді. Балаларға да қиын. Ең қиыны сол туыстарыма да айта алмай қалғаным. Өз балаларымнан, бауырларымнан ұялдым. Дастархандас болып жиналғанда түрлі себеп айтып бармай қалған кездерім көп болды. Тыныш қана ажырасып кетсек жақсы ғой. Барлық ел біліп, оны талқылап ажырасқан одан да бетер қиын екен", - деді ол.