Белгілі әнші, эстрада жұлдызы Мөлдір Әуелбекова Астанада "Туған ел" атты ән кешін өткізіп, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Орталық концерт залына келген астаналықтардың санында шек болған жоқ деп хабарлайды NUR.KZ.
Фото: NUR.KZ
Соңғы 15 жылда алғаш рет ән кешін өткізген Мөлдір Әуелбекова концерт бойы өзінің репертуарындағы танымал әндерді орындады.
Фото: NUR.KZ
Әнші кеш бойы түрлі образдармен көрермендерді таң қалдырумен болды. Эстарада жұлдызы бір әнінде қазақ қызының образында шырқаса, келесі бір әнін күлгін қызғылт түсті көйлекте орындады.
Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ
Белгілі әнші концерт барысында "Астана сазы" этно-фольклорлық ансамблімен бірге аспапта ән сүйемелдеп те, көпті таң қалдырды.
Фото: NUR.KZ
Көпшіліктің сүйікті әншісі Мөлдір Әуелбекова Төреғали Төреәлі және Мейрамбек Басбаевтермен дуэт орындап, көпшілікке танымал "хит әндерді" айтты.
Фото: NUR.KZ
Айта кетерлігі, Мейрамбек Бесбаев аталған концертке құр алақан келмеген екен. Ол Әуелбековаға алқызыл түсті гүл шоғын сахнада сыйлап, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.
Фото: NUR.KZ
Кеште сондай-ақ, әншінің өзі жетекшілік ететін "Назар" тобы да өнер көрсетті.
Фото: NUR.KZ
Көпшілікке әсіресе, әншінің ұлына арнап орындаған "Балапаным" атты әні қатты әсер берді. Олар ыстық ықыластарын аямай, ду қол шапалақтаумен болды.
Фото: NUR.KZ
Айта кетерлігі, кешке келген қонақтардың қатарында Мөлдір Әуелбекованың әкесі де болды.
Фото: NUR.KZ
Концертке келушілердің қатары көп болғаны соншалық, залда ине шаншар орын болған жоқ.
Фото: NUR.KZ