KZNews.kz
Саясат

Мирзиёев қызын тағы бір қызметке тағайындады

KZNEWS

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев Америка–Өзбекстан іскерлік және инвестициялық кеңесін құру туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды kznews.kz.

Жаңа құрылымның тең төрағалары болып: Өзбекстан тарапынан — Президент әкімшілігінің басшысы Саида Мирзиёева, ал АҚШ тарапынан — АҚШ президентінің келісім бойынша уәкілетті өкілі тағайындалды, деп мәлімдеді Өзбекстан президентінің баспасөз қызметі.

МІНДЕТТЕРІ

Кеңес стратегиялық бизнес-бастамаларды, ірі инвестициялық және сауда жобаларын әзірлеу мен келісуді үйлестіреді, сондай-ақ олардың орындалуын тұрақты бақылауда ұстайды. Сонымен қатар кеңестің міндеттеріне тарифтер бойынша келіссөздер жүргізу және Uzbekistan IT Park өнімдерін АҚШ нарығында ілгерілету кіреді.

KZNEWS
Автордың басқа материалдары