Министрлерді «бас ұстаз» деп атауға кім рұқсат берді? – тележүргізуші
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Министрлерді «бас ұстаз» деп атауға кім рұқсат берді? – тележүргізуші

Министрлерді «бас ұстаз» деп атауға кім рұқсат берді? – тележүргізуші
Фото: Gemini ЖИ арқылы жасалды.

Threads әлеуметтік желісінде тележүргізуші, жазушы, ақын әрі жақында Мемлекет басшысының қолынан "Ерен еңбегі үшін" медалін алған Азамат Әбілқайыр білім саласына жауапты министрлерді «бас ұстаз» деп атауға қатысты пікір білдіріп, бұл атаудың орынсыз қолданылып жүргенін жазды, деп хабарлайды kznews.kz.

Оның айтуынша, «бас ұстаз» деген атақ жай ғана сөз емес, тарихи және рухани салмағы бар мәртебе. Жазба авторы мұндай атауға ие болу үшін ұлт ағарту ісіне түбегейлі өзгеріс әкелген, елдің санасын оятқан ірі тұлғалардың деңгейіндегі еңбек керек екенін атап өткен. Осы тұста ол Құдайберген Жұбанов, Ахмет Байтұрсынұлы, Рәбиға Сыздықова, Серік Қирабаев секілді есімдерді мысалға келтірген.

Азамат Әбілқайырдың тредс әлеуметтік желісінен алынған скрин.

Жазбада білім саласына жетекшілік ететін шенеуніктерді немесе министрлерді автоматты түрде «бас ұстаз» деп атау қаншалықты орынды деген сауал қойылған. Автордың пайымынша, қоғамда атақ пен мәртебені ойланбай үлестіру көбейіп кеткен, ал әр сөздің өз салмағы мен орны болуы керек.

Бұл пікір Threads қолданушылары арасында да қызу талқыланды. Пікір қалдырғандардың бір бөлігі автордың уәжімен келіскен. Мәселен, orkenayat есімді қолданушы: «Осылай асыра айтып, ойланбай мәртебе бере салатын тұстар көбейіп кетті. Әр сөздің салмағы, орны болу керек» деп жазған. Ал nurlybekqyzy.aigerim болса, қазіргі қоғамда атақ пен марапатты орынсыз үлестіру белең алды деген ой айтып, мұны мақтансүйгіштікпен байланыстырған.

Дегенмен қарсы пікір айтқандар да болды. dinmaidan есімді қолданушы бұл мәселені соншалықты дауға айналдыру артық екенін жеткізген. Оның пікірінше, барлық педагогтің басында тұрған адамды «бас педагог» деп атаудың еш оғаштығы жоқ, ал қызметке құрметпен қарау қажет. Сонымен қатар ол аталған тарихи тұлғалардың бәрін бірдей «бас ұстаз» деу де дәл емес екенін, олардың арасында филолог-ғалымдар барын атап өткен.

Ал ulan.kadir есімді қолданушы керісінше, бұл атақта тұрған ештеңе жоқ деген ұстаным білдірген. Ол «Бас қолбасшы» секілді ұғымдармен салыстыра отырып, «бас ұстаз» атауы ұстаздық ұғымды биіктетеді деген пікір айтқан.

Азамат Әбілқайырдың постына жазған азаматтардың пікірі. Фото: А.Әбілқайырдың тредс әлеуметтік желісінен алынған скрин.
Автор
Дархан Тоқан

Журналист. Блогер. Фрилансер