Шикізат шырмауынан шығуға жанталас: агроөнеркәсіп кешенінің дамуына не кедергі?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Миллиондаған бала бейбіт өмірді көрмеген

Миллиондаған бала бейбіт өмірді көрмеген

Астана. 21 желтоқсан. KAZISLAM – Сириядағы балалардың тең жартысысы – 4 миллионға жуығы дүниеге келген уақыттан бері бейбіт өмірді көрмеген. Олар сегіз жылдан бері қарулы қақтығыс аймақтарында өмірге келіп, тіршілік кешуде. Бұл туралы БҰҰ ЮНИСЕФ ұйымы мәлімдеді.

«Сирияда әр сегіз жасар бала өлім мен өмір арасында, әр сәт қауіпсіздік үстінде өмір сүреді. Балалар білім алуы керек, оларға медициналық көмек, екпе жасалуы тиіс. Өздерін қорғансыз сезінбеуі қажет. Біз оларға көмектесуге міндеттіміз» дейді ЮНИСЕФ басшысы Генриэтта Фор.

БҰҰ мәліметінше, қарулы қақтығыс салдарынан 910 бала мерт болған. Бұл тек ресми тіркелген дерек, көрсеткіш бұдан да жоғары болуы мүмкін. Сарапшылар келіп түскен мәліметтерді тексеру үстінде. Сирия балалары қиын жағдайда өмір сүруде: адамдардың жейтін тамағы, балалардың оқу құралдары жоқ.

Дереккөз: http://kazislam.kz/
Автор
Мадияр