Миллиардерлер марсельезасы: әлемнің бар байлығы 3795 адамның қолында ма?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Миллиардерлер марсельезасы: әлемнің бар байлығы 3795 адамның қолында ма?

Миллиардерлер марсельезасы: әлемнің бар байлығы 3795 адамның қолында ма?
Фото: AI көмегімен жасалған.

Әлемнің ауқатты адамдары мен қисапсыз байлықтың қозғалысын зерттеумен айналысатын Altrata аналитикалық компаниясы "Billionaire Census - 2026" зерттеуін жариялады.

Дерекке қарасақ, кейінгі жылдары әлемнің әр еліндегі шіріген байлардың саны еселенген екен.

- Әлемдегі миллиардерлер саны рекордтық көрсеткішке жетіп, 3795 адамды құрап отыр. Яғни, өткен жылдың қорытындысы бойынша олардың саны бір жыл ішінде 287 адамға көбейіп, 8,2 пайызға өскен, - дейді Altrata сарапшылары.

Бұл соңғы бес жылдағы ең жоғары өсім қарқыны екен. Миллиардерлердің жиынтық байлығы 12,8 пайызға артып, рекордтық 15,1 триллион АҚШ долларына жетті. Сонда бір миллиардердің орташа байлығы шамамен 4 млрд доллар, ал медианалық көрсеткіш 2 млрд доллар деңгейінде бағаланады.

Altrata әлемдегі ең бай адамдардың дәулетінің өсуіне әсер еткен негізгі факторлардың бірі ретінде жасанды интеллектке салынған инвестициялардың қарқынды өсуін көрсеткен.

Айтпақшы, осы зерттеуге сәйкес Ресей федерациясы миллиардерлер саны бойынша әлемде төртінші орынға шыққан көрінеді. Көрші елдегі миллиардерлердің саны 151 адамға жеткен.

Altrata тобының бағалауынша, ресейлік миллиардерлердің байлығының өсуіне валюта бағамы мен пайыздық мөлшерлемелердің өзгеруі ықпал еткен. Сондай-ақ сауданың Азияға қайта бағдарлануы аясында мұнай саудасына қатысы жоқ шикізат тауарлары экспортынан түскен кірістерінің артуы да орыс байларының қалтасын қампайтқан.

Жалпы, миллиардерлер саны бойынша алғашқы үш орынды АҚШ, Қытай және Германия иеленіп отыр. Дерек бойынша 2025 жылы АҚШ-та 1265, Қытайда 363 және Германияда 221 миллиардер болған.

Автор
Қалмаханбет Мұқаметқали

Қалмаханбет Мұқаметқали, журналист. І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің түлегі. Журналистикада 33 жыл еңбек етуде. Еңбек жолын аудандық газетте бастап, республикалық басылымдарда басшылық қызметтер атқарған.