Президент мерзімінен бұрын қызметтен кетсе, екі айдың ішінде кезектен тыс сайлау өтеді - Тоқаев
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Миллиард теңгенің дауы: Ерлан Қожағапановты ауыр жемқорлық қылмысы үшін соттамақ

Миллиард теңгенің дауы: Ерлан Қожағапановты ауыр жемқорлық қылмысы үшін соттамақ

Антикор мәдениет және спорт министрінің бұрынғы орынбасары Ерлан Қожағапановтың ісі сотқа жіберілгенін мәлімдеді. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.


"Істі тергеу аяқталды. Қожағапанов мердігер ұйымның басшысымен юірге сотқа жіберілді. Сотта әлі қаралып жатыр. Мұнда аса ірі көлемде қаржы ұрлау мәселесі тұр", – деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының орынбасары Дархан Құрақбаев.

Құрақбаевтың сөзінше, іс бойынша шығын өзгермеген, көлемі 1 миллиард теңгеден асады.

"Сот жүріп жатыр, аяқталуға жақын. Оған айып тағылған бапқа сәйкес, қателеспесем, 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Бірақ сот барлық жайтты ескере отырып шешім шығарады деп ойлаймын. Сот ашық өтіп жатыр", – деді ол.

Еске салайық, Ерлан Қожағапанов коммерциялық ұйымның мүддесін көздеп, 2018 жылы Петропавл қаласында Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының XV өңіраралық ынтымақтастық форумының көрмесін ұйымдастыру туралы келісім жасасуға көмектескені үшін ұсталған. 

Автор
Данияр

Журналист