Тоқаев келесі президент сайлауы қашан өтетінін айтты
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Милиция лейтенантын түнгі күзет кезінде өлтіріп кетті

Милиция лейтенантын түнгі күзет кезінде өлтіріп кетті

Өзбекстанның Әндіжан облысы Избоскан ауданының ішкі істер басқармасының қызметкері Ильхомжон Хайдаров 21 қарашада түнгі кезекшілік кезінде соққыға жығылған.

Ол ауруханада көз жұмды. Милиционер көшедегі бірнеше жігіттің кімдер екенін анықтағысы келген, - деп жазады Сentralasian.org.

Оқиға Әндіжан облысының Избаскан және Пахтаабад аудандарының шекарасына жақын маңда тіркелген. "Жігіттердің бірі Ильхомжон Хайдаровқа қатты соққы жасаған. Одан соң Хайдаров Пахтаабад аудандық ауруханаға жеткізілді. Бірақ 22 қарашаға қараған түні милиция лейтенанты ауруханада қайтыс болды", – деді облыстық милиция қызметкері.

Милиция лейтенантын ұрған ер азамат және оның серіктері ұсталды.

Прокуратура тергеуге дейінгі тексеруін жүргізіп жатыр. Қылмыстық іс қозғалған.

Автор
Әлихан