Иран президенті Масуд Пезешкиан көрші елдерден кешірім сұрады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Милад Карими Бакуде сенсация жасады: Қазақ спортшысы финалда тарихи жеңіске жетті

Милад Карими Бакуде сенсация жасады: Қазақ спортшысы финалда тарихи жеңіске жетті
Сали Сабиров / ҰОК. Суретте: Милад Карими

Қазақстандық гимнаст Милад Карими Әзірбайжан астанасы Бакуде өтіп жатқан спорттық гимнастикадан Әлем кубогының екінші кезеңінде жүлдегер атанды. Ол еркін жаттығу бағдарламасының финалында күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды kznews.kz.

Финалдық сайыста Карими төрешілерден 14,300 балл жинап, екінші орынға тұрақтады. Ал алтын медальді Беларусь өкілі Егор Шарамков иеленді. Оның нәтижесі – 14,533 балл. Үшінші орынды Хорватия гимнасты Аурел Бенович (14,100 балл) қанағат тұтты.

Жарыс қорытындысы бойынша үздік үштік төмендегідей болды:

  • 1-орын: Егор Шарамков (Беларусь) –14,533
  • 2-орын: Милад Карими (Қазақстан) –14,300
  • 3-орын: Аурел Бенович (Хорватия) –14,100

Айта кетейік, спорттық гимнастикадан 2026 жылғы Әлем кубогының екінші кезеңі 5-8 наурыз аралығында Бакуде өтуде. Турнир барысында жекелеген снарядтар бойынша 10 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Қазақстан құрамасынан бұл додаға жеті спортшы қатысуға өтінім берген.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер