Қазақстанда зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алу шегін көтеру көзделіп отыр - Ұлттық банк
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Мешітте неке қию кезінде күйеу жігіт райынан қайтып, кетіп қалды

Мешітте неке қию кезінде күйеу жігіт райынан қайтып, кетіп қалды
Фото: Бейнежазбадан кескін

Мешітте неке қию кезінде күйеу жігіт ойынан айнып, кетіп қалған видео әлеуметтік желіде тарады. Кадрларда күйеу жігіт орнынан тұрып, ештеңе түсіндірместен бөлмеден шығып кеткені көрінеді. Оқиға қалыңдықтың мәһрге қымбат көлік талап етуінен кейін болған, деп хабарлайды Kznews.kz.

Instagram желісіндегі Qazaq Today парақшасы жариялаған видеода имам жас жұбайларға мәһрдің мәнін және оның ең төменгі мөлшерін түсіндіріп жатқанын байқауға болады. Оның айтуынша, шариғатта мәһрдің ең азы 4,25 грамм алтынға тең, бұл шамамен 150 мың теңге.

Осы тұста қалыңдық өз талабын ашық айтып, сөзге араласады.

"Маған мәһрге Changan көлігі керек", – дейді ол.

Қалыңдықтың бұл сөзінен кейін күйеу жігіт «неке қимаймыз» деп орнынан тұрып, бөлмеден шығып кеткен. Оның әрекеті жиналған жұртты да, қалыңдықтың өзін де аң-таң қалдырғаны байқалады.

Желі қолданушылары жағдайды әрқилы бағалап жатыр. Бірі қалыңдықтың талабын «шамадан тыс» десе, енді бірі күйеу жігіттің бұл қадамын «жауапкершіліктен жалтару» әрі «ер адамға тән емес әрекет» деп сынаған.

Автор
Дархан Тоқан

Журналист. Блогер. Фрилансер