Қайрат Сатыбалдыұлының Алматыдағы бұрынғы қонақүйіне қатысты тағы дау шықты
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Меруерт Өтекешоваға қатысты ел асыға күткен қуанышты хабар тарады

Меруерт Өтекешоваға қатысты ел асыға күткен қуанышты хабар тарады

Аты аңызға айналған актриса Меруерт Өтекешова ғалым әрі саяхатшы Шоқан Уәлиханов туралы түсірілетін жаңа фильмге қатысады. Ол толықметражды көркем-деректі драмада Шоқанның әжесі Айғаным Сарғалдаққызының рөлін сомдайды, деп хабарлайды kznews.kz.

Жаңа картина “Шоқан” деп аталады. Жақында фильмге арналған онлайн-кастинг аяқталған. Жобаның авторы – журналист Майя Бекбаева.

Фильмнің Instagram-дағы ресми парақшасында жарияланған ақпаратқа сәйкес, Меруерт Өтекешова Айғаным Сарғалдаққызының бейнесін экранға алып шығады. Тарихшылардың айтуынша, Айғаным әже Шоқан Уәлихановтың тұлға болып қалыптасуына ерекше ықпал еткен. Ол Шоқанды 12 жасында Омбы кадет корпусына оқуға жіберу туралы шешімді қолдаған.

Майя Бекбаева бұл фильмді “Жетісу” телеарнасы үшін Президенттік бастамалар қорының “Дара” қорының қолдауымен түсіреді. Әзірге картинаның көрерменге қашан жол тартатыны нақты айтылған жоқ.

Фильмдегі басты рөлді актер Ерлан Құлмырзин сомдайды. Ол көрерменге “Сәлем, Еуропа” және “Пацаны” секілді қазақстандық жобалар арқылы таныс.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер