"Некеге мәжбүрлеу – қылмыс" – Тоқаев Ішкі істер министріне тапсырма берді
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Мерекеге ерекше тосын сый: Аналарға 8 наурызда 21 мың теңгеден беріледі

Мерекеге ерекше тосын сый: Аналарға 8 наурызда 21 мың теңгеден беріледі
shutterstock.com

Халықаралық әйелдер күніне орай Шымкент қаласында көпбалалы аналарға бір реттік әлеуметтік төлем беру жоспарланып отыр. Қала әкімдігінің мәліметінше, бұл қолдауды 14 267 әйел алады, деп хабарлайды kznews.kz.

Әрбір анаға 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, яғни 21 625 теңге төленеді. Қаражат жергілікті бюджеттен бөлінеді.

Әкімдік өкілдерінің айтуынша, бұл төлем 2026 жылдың 8 наурызындағы жағдай бойынша Шымкентте тұрақты тіркеуі бар әйелдерге арналған. Жалпы қала бойынша мыңдаған анаға осындай қаржылай көмек көрсету көзделіп отыр.

Материалдық қолдау алатындардың қатарында «Алтын алқа», «Күміс алқа» иегерлері, «Батыр ана» атағын алған әйелдер, сондай-ақ «Ана даңқы» орденімен марапатталған аналар бар.

Төлемді алу үшін арнайы өтініш берудің қажеті жоқ. Көмек алатындардың тізімі «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының деректеріне сүйене отырып автоматты түрде қалыптастырылады.

Айта кетейік, Астана қаласында да 8 наурыз мерекесіне орай көпбалалы аналарға бір реттік төлем қарастырылған. Алайда оның мөлшері 10 813 теңге көлемінде белгіленген.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер