KZNEWS.KZ
Шоу-бизнес

"Менің балаларым 120 мың теңгеге жұмыс істемейді" - Нұртас Айдарбеков

• Айжан Сыланова
Фото: ашық дереккөз

Әнші Қайрат Нұртастың әкесі Нұртас Айдарбеков Аман Тасығанға берген сұхбатында ұлының өмір салты мен еңбекке деген көзқарасы жайында өз пікірін білдірді, деп хабарлайды kznews.kz.

Оның сөзінше, Қайрат кеңседе отырып жұмыс істейтін адам емес, себебі оның өмір салты мен болмысы мүлде бөлек.

Сондай-ақ ол мемлекеттік қызметтегі жалақы Қайраттың отбасының қазіргі тұрмыс деңгейін сақтауға жеткіліксіз екенін атап өтті.

Бұдан бөлек, Нұртас Айдарбеков балаларының 120 мың теңге жалақысы бар жұмысқа бармайтынын жасырмады. Оның айтуынша, мұндай еңбекақыға жұмыс істейтін адамдардың өмірге деген көзқарасы да өзгеше болады.

Айжан Сыланова
2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.
Автордың басқа материалдары →