Наурыз тойлап жүрген 80-ге жуық бала жоғалып кеткен
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

"Мені Ташкенттен тезірек кетіргісі келген адамдар көп болды" – Шавкат Мирзиёев (ВИДЕО)

"Мені Ташкенттен тезірек кетіргісі келген адамдар көп болды" – Шавкат Мирзиёев (ВИДЕО)
president.uz. Суретте: Шавкат Мирзиёев

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевті тақтан тайдырғысы келгендердің қарасы көп болған. Бұл туралы президент өзі айтып берді.

Аударма: «Қышлақтан келген (кісі) қашан кетеді екен?» деген үлкен күрес болды.

Бір күні таңертең екі елдің президенттері келіп, Ұлықбек ескерткішіне гүл қоюы керек еді.

Таңғы сағат жетіге он минут қалғанда маған қабылдау бөлмесінен телефон соқты: «Шавкат Миромонович, Ұлықбектің басын алып тастапты», - деді.

– Қандай бас?
Қандай Ұлықбек?, - деймін.
- Ескерткіштің басын кесіп алыпты, - дейді.

Сағат онға он минут қалғанда кортеж келеді, Президент Иран президентімен келеді, ал ескерткіштің басы жоқ. Осымен бірге Мирзиёевтің де «басы кетеді» (жұмыстан шығады) деп есептелген.

Қысқасы, жетіден жиырма минут өткенде жетіп бардым. Сағат онда президенттер келуі керек. Ескерткіштің басы жоқ. Ол ескерткіш гипстен жасалған болатын. Мұны кім істегенін бірден түсіндім — бұл кішкентай адамдардың ісі емес. Өйткені мұндай нысандар президент келер алдында күзетке алынады. Мұны Мирзиёевті құртқысы келген арнайы ұйымдардың өздері істеген.

Мен күнде газет оқитынмын. Сол кезде «Вечерний Ташкент» газетінен хирургия орталығында Ибн Синаның ескерткішінің астын бұзақылар қазып, ішіне ұя салып алғаны туралы мақала оқығаным есіме түсті.

Содан «сол ескерткіш те гипстен болуы керек» деп ойладым. Көлігіме отырып, үйге барып, ара (пила) бар ма деп сұрадым. Екі-үш араны алып, жолда Төле би (Чилнозор) көшесінде тұратын бір мүсінші танысымды алып, хирургия орталығына бардық. Таңертең бәрі ұйықтап жатқанда, Ибн Сина ескерткішінің басын кесіп алып келдік.

Енді, Құдай сақтасын, есіме түсіп кетті... Ол басты әкелдім, бірақ біз жасаған Ұлықбектің мүсінінің денесі сәл үлкендеу екен, басы түсіп кете береді. Содан гипстен «шарф» жасап, басын бекіттік. Бір жарым сағаттың ішінде бәрін бітірдік.

Сағат тоғызға он минут қалғанда әлгілер (қарсыластарым) менің жұмыстан кеткеніме 100 пайыз сеніммен келді.

- Ұлықбектің басы қайда? - деп маған қарап сөйлеп тұр, ескерткішке қарамайды.
- Бас орнында тұр ғой - дедім.
Қараса — басы да тұр, ескерткіш те тұр.

Мен не айтқым келеді: міне, жастар отырсыңдар. Бұл күндерге жету оңай болған жоқ, бұл — үлкен күрес».

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер