Танымал әнші Зарина Омарова желідегі парақшасында жаңа жазба жариялады, деп хабарлайды kznews.kz.
"Анашым, туған күніңізбен шын жүректен құттықтаймын! Сіз менің өмірімдегі ең асыл жан, әр қадамымда демеу болып, ақылыңызбен де, мейіріміңізбен де жол көрсетіп келесіз. Сіз менің өмірімде болғаныңызға Шүкір! Тағы да перзент болу жазылса еш ойланбастан сіздің перзентіңіз болуды таңдайтын едім. Сіздің алақаныңыздың жылуы, айтқан әрбір сөзіңіз мен үшін баға жетпес қазына соны білгейсіз. Өміріңіз ұзақ, денсаулығыңыз мықты болып әр күніңіз қуаныш пен берекеге толы болсын! Алла сізді жамандықтан сақтап, барлық арманыңызға жеткізсін! Сіздің қызыңыз болу – мен үшін үлкен бақыт және мен сізді шексіз жақсы көремін", – деп жазды әнші.