KZNews.kz
KzNews TV

"Мен сондай дерзкий шалмын". Шымкенттік қария көлікті бірнеше метрге сүйреп тастады (видео)

KZNEWS

Түркістан облысында Chevrolet жүргізушісі ереже бұзып қарама-қарсы бағыттағы жолға шығып кетті. Алайда тәртіпсіздік мұнымен аяқталмай, қария қарсы алдындағы Lada автокөлігімен соқтығысты.

Әлеуметтік желіде тараған видеода ер адам қарияға қарсы бағыттағы жолға шығып алғанын түсіндірмек болады.

Қария өз кезегінде "Мен сондай дерзкий шалмын. Артқа жүрмеймін деп айттым. Көлігіңді ал, әйтпесе мен оны жылжытып, үстінен жүріп өтемін" дейді.

Осыдан кейін Chevrolet жүргізушісі алға жүріп, жеңіл көлікті бірнеше метрге сүйреп өтеді.

Полицейлер оның Шымкент тұрғыны екенін анықтады. Ол жасағандарын толық мойындаған.

Егде жастағы азамат төрт бап бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды:


Полициядағылар Lada жүргізушісінің жол-көлік апатына кінәлі адамның үстінен арызданбағанын айтып сендірді. Жиналған материахлдар сотқа жіберіледі.
KZNEWS
Автордың басқа материалдары