Ант па, әлде бәс пе? Мемлекеттік қызметті құмар ойынға айырбастағандар
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

«Мен – сен қашатын адаммын»: Тоқтарды тоқтатқан Марселге «Қазақ терминаторы» үн қатты

«Мен – сен қашатын адаммын»: Тоқтарды тоқтатқан Марселге «Қазақ терминаторы» үн қатты
sports.kz

Қасымбай Марселді жекпе-жекке шақырды, деп хабарлайды kznews.kz.

Соңғы күндері жанкүйерлер назарын аударған Еркебұлан Тоқтар мен Марсель Нұрланбекұлының айқасынан кейін қазақстандық файтер Мұратбек Қасымбай қырғызстандық Марсельге ашық түрде жекпе-жек ұсынды.

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Мұратбек Қасымбай (13-4), жанкүйерге «Қазақ терминаторы» лақап атымен танымал спортшы, қырғызстандық Марсель Нұрланбекұлын (14-0) жекпе-жекке шақырды.

Қасымбай Instagram парақшасында Марсельмен болуы мүмкін айқастың постерін жариялап, оқырмандарынан бұл кездесуге қызығушылық бар-жоғын сұрады. Сонымен бірге ол өз сөзі мен қарсыласының жауабын да қоса жариялаған.

«Мен – сен қашатын адаммын», – деп жазды Мұратбек Қасымбай.

Ал Марсель бұған: «Егер жекпе-жекте бір қадам артқа шегінсем, менің стойкам әлсіз деуге болады», – деп жауап қатқан.

Еске салсақ, осыдан екі күн бұрын Арменияның Ереван қаласында өткен Hype FC 28 турнирінде Марсель Нұрланбекұлы қазақстандық Еркебұлан Тоқтарды (11-3) күтпеген жерден жеңген еді. Кездесу бокс ережесімен, бірақ ММА қолғаптарымен өтті. Нәтижесінде төрешілер жеңісті бірауыздан қырғыз файтеріне берді.

Қазір Қасымбайдың мәлімдемесі бұл қарсыластықты жаңа деңгейге шығарды. Егер тараптар келісімге келсе, жанкүйерлер Орталық Азиядағы ең қызық текетірестердің бірін көруі мүмкін.