Кувейтте мемлекеттік қызметкер он жыл бойы жұмысқа шықпай жүріп, үнемі жалақы алып отырғаны үшін 5 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды kznews.kz.
Кассациялық сот төменгі және апелляциялық инстанцияның бұған дейін шығарған ақтау шешімдерінің күшін жойып, жаңа үкім шығарды.
Тергеу материалдарына сәйкес, ер адам мемлекеттік мекемеде қызмет істей отырып, он жыл бойы жұмысқа мүлде келмеген. Соған қарамастан ол осы уақыт ішінде заңсыз түрде 104 мың кувейт динарын (шамамен 174 млн теңге) жалақы ретінде алған.
Сот шенеунікті мемлекетке келген шығынды толық өтеуге міндеттеп, заңсыз табыстың екі есесіне тең айыппұл салды. Нәтижесінде ол барлығы 312 мың динар (шамамен 524 млн теңге) төлеуі тиіс. Бұдан бөлек, ол қызметінен біржола босатылды.