KZNews.kz
Саясат

Мемлекет басшысы референдум өткізу туралы Жарлыққа қол қойды

Айжан Сыланова
Фото: Ақорда

Қазақстан Республикасының Президенті 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдум өткізу туралы Жарлыққа қол қойды. Құжатқа сәйкес, жалпыхалықтық дауыс беру елдің конституциялық құрылысына және мемлекеттік басқару жүйесіне қатысты маңызды мәселе бойынша ұйымдастырылады, деп хабарлайды kznews.kz.

Референдумды өткізу мен дайындау Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Орталық референдум комиссиясына ұйымдастыру шараларын қабылдау тапсырылды, ал Үкімет пен жергілікті атқарушы органдарға дауыс беруді өткізуге қажетті жағдай жасау жүктелді.

Айжан Сыланова
2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.
Автордың басқа материалдары →