“Балаң жетесіз болса, құрбан шалудан не пайда?”: Нұрлан имам үндеу жасады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Мектептерге диктант пен бақылау жұмыстары қайта оралуы мүмкін

Мектептерге диктант пен бақылау жұмыстары қайта оралуы мүмкін
Ulysmedia.kz коллажы

Қазақстан мектептерінде оқушылардың білімін бағалау жүйесіне өзгеріс енгізілуі мүмкін. Оқу-ағарту министрлігі қазір БЖБ мен ТЖБ жүйесіне талдау жүргізіп жатыр. Министр Жұлдыз Сүлейменованың айтуынша, ведомство бұл бағалау форматын біртіндеп қайта қарауды көздейді, деп хабарлайды kznews.kz.

Қазіргі таңда Орта білім комитеті барлық сыныптар бойынша берілетін тапсырмалар мен оқушылардың жауаптарын зерттеп жатыр. Бұл талдау БЖБ мен ТЖБ-ның оқушы біліміне, мұғалім жұмысына және оқу процесіне қаншалықты әсер етіп отырғанын анықтау үшін жүргізілуде.

Министрдің сөзінше, критериалды бағалау білім стандартына енгізілгендіктен, енді дәстүрлі жазба және бақылау жұмыстарының форматын қайта қарастыруға мүмкіндік бар. Атап айтқанда, диктант, мазмұндама, шығарма және бақылау жұмыстары сияқты бұрыннан қолданылып келген әдістерді оқу процесіне кеңірек енгізу мәселесі талқыланып жатыр.

"Біртіндеп БЖБ мен ТЖБ-дан алыстаймыз деп ойлаймыз. Бірақ оған нақты негіз бен сараптама қажет", – деді Жұлдыз Сүлейменова.

Министрлік бұл өзгерісті бірден енгізуді емес, алдымен жан-жақты сараптама жасауды жоспарлап отыр. Себебі БЖБ мен ТЖБ жүйесі бірнеше жылдан бері мектептерде қолданылып келеді және оны өзгерту мұғалімдерге де, оқушыларға да тікелей әсер етеді.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер