Серік Сәпиев пен Дәурен Есімханов қызметінен өз еркімен кетті
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Мектеп оқушысы отқа оранған үйден екі сіңілісін құтқарып алды

Мектеп оқушысы отқа оранған үйден екі сіңілісін құтқарып алды

Оқиға нәтижесінде егде жастағы ер адам қаза тапты.

Павлодарда жеке тұрғын үй өртеніп, төрт жастағы екі бүлдіршінді жалындаған өрттен мектеп оқушысы шығарып алды, деп хабарлайды Zakon.kz ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство өкілдерінің хабарлауынша, 21-ақпан күні сағат 15:29 Павлодардағы Карл Маркс көшесінде орналасқан екі пәтерлі жеке тұрғын үйден өрт шыққаны жайлы хабар келіп түскен.

"Сағат 15:37 оқиға орнына келіп жеткен өрт сөндірушілер пәтерлердің біріндегі үй заттары, жиһаз, ағаш дуалдар және үй шатырының ағаш құрылымдарының жанып жатқанын анықтаған. Қызыл жалын сағат 15:35 ауыздықталып, 19:51 толық сөндірілген. Жалын 120 шаршы метр аумақты шарпыған. Құтқарушылар үй ішінен 4 газ боллонын қауіпсіз жерге шығарады. Өртті сөндіру кезінде мамандар жартылай жанып кеткен егде жастағы, 1948 жылғы ер адамның денесін тауып алды", - деді ТЖК.

Өрт сөндірушілер келіп жеткенше үйде болған 14 жастағы қыз бала 2015 жылы туған екі кішкентай сіңілісін терезе арқылы сыртқа шығарған.

Өрттің шығу себебі мен келтірілген шығын анықталып жатыр.

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!


[ad_2]
Zakon.kz
Автор
Санжар