KZNews.kz
Әлеумет

Медициналық сақтандыру қорының төрағасы қызметінен кетті

Азамат Қойшығара
Ашық дереккөз

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының (ӘМСҚ) төрағасы Айдын Құлсейітов қызметінен кетті, деп хабарлайды kznews.kz.

Қор төрағасының қызметінен кеткені туралы ақпаратты денсаулық сақтау министрлігі растады.

“Жалғыз акционердің шешімімен 2025 жылдың 1 желтоқсанындағы жағдай бойынша “ӘМСҚ” КЕАҚ басқарма төрағасы Айдын Құлсейітовтің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды”, – делінген министрлік хабарламасында.

Қазақстандықтар МӘМС жарналарын міндетті емес, ерікті етуді талап етіп, петиция жариялады

Табысы жоғары азаматтар үшін жарна көлемі артады: 2026 жылдан бастап МӘМС жүйесіне өзгерістер енгізіледі

Айта кетейік, медициналық сақтандыру қорының жалғыз акционері – Денсаулық сақтау министрлігі. Қордың жаңа басшысы кім болатыны әзірге белгісіз.

Айдын Құлсейітов бұл қызметке 2025 жылдың сәуірінде тағайындалған еді. 

Азамат Қойшығара
Автордың басқа материалдары