Қазақстанның облыс әкімдерінің рейтингі жарияланды: көш басында кім тұр?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

“Медаль аспаннан жауып жатыр ма?” - танымал журналист екінің бірі атақ алып жатқанын сынға алды

“Медаль аспаннан жауып жатыр ма?” - танымал журналист екінің бірі атақ алып жатқанын сынға алды

Журналист қоғамдағы әділетсіз марапаттау үрдісін сынға алып, нағыз еңбек адамдарының еңбегі елеусіз қалып жатқанын атап өтті:

«Аспаннан медаль жауып жатқандай әсер қалдырады. Бүгінде төсбелгі тағып, “ерекше еңбек сіңірдім” деп жүргендер тым көбейіп кетті. Ал шын мәнінде еңбектеніп жүрген жандар – таңнан кешке дейін мал соңында жүрген малшылар, жердің шаңын жұтып егін еккен диқандар, көшені сыпырып, қаланың тазалығын сақтайтын аналарымыз қайда?» – деп жазды ол.

Нұрсейіт Жылқышыбай марапаттың мәні жоғалып бара жатқанын айтып, қоғам ең алдымен адал еңбек иелерін бағалауы керек екенін жеткізді:

«Кейде екі сөздің басын қоса алмайтындар атақ алып жатады, ал қарапайым еңбек адамдары назардан тыс қалады. Шынымды айтсам, бұл жайт жанымды ауыртады. Марапат сөзбен емес, маңдай термен келу керек қой…» – деді журналист.

Желі қолданушылары оның пікірімен келісіп, пікір қалдырып, қоғамда еңбектің әділ бағалануы қажет екенін талқылауда.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.