KZNews.kz
Шоу-бизнес

Мәжіліс депутаты Әлімжанов қайтыс болды

KZNEWS

Бұрынғы мәжіліс депутаты, ірі бизнесмен Исахан Әлімжанов өмірден озды.

"2020 жылдың 9 желтоқсанында "АЛСИ" компаниялар тобының негізін қалаушы және тұрақты басшысы Исахан Молдаханұлы Әлімжанов өмірден өтті. Ол 30 жылдан астам уақытын компанияға арнап, сый-құрметке бөленді. Исахан Молдаханұлы ұжымына үлгі, тәлімгер, дос болды. Ол біздің есімізде мәңгі қалады", - делінген "АЛСИ" компаниялар тобының хабарламасында.

Исахан Әлімжанов 1959 жылы 7 тамызда дүниеге келген. Ол екінші шақырылған мәжіліс депутаты, төменгі палатаның бюджет және қаржы комитетінің мүшесі болды. Ол Қазақстандағы алғашқы ірі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (АКТ) компанияларының бірін құрды.

KZNEWS
Автордың басқа материалдары