KZNews.kz
Спорт

Махмұд Сабырханның бірінші әйелі ел естімеген шындығын айтып, баласын көрсетті (ФОТО)

Қайсар Қанат
ашық дереккөзден

Бокстан екі дүркін әлем чемпионы Махмұд Сабырханның бұрынғы жұбайы Назым Мырзағалиқызы әлеуметтік желіде жаңа суреттерін бөлісті, деп хабарлайды kznews.kz.

Sportinside.kz дерегінше, Назым Мырзағалиқызының парақшасында жарияланған суреттерден оның жақында босанғанын байқауға болады. Кадрлардың бірінде кішкентай сәби де көрініс тапқан. Жазба астына ол қысқа ғана "Әлем" деген жазу қалдырған.

Айта кетейік, бұған дейін, 31 қазанда белгілі қазақстандық боксшы Махмұд Сабырханның екінші рет үйленгені хабарланған болатын. Әлеуметтік желілерде оның қалыңдығы Айғаным Ержігітованың үйлену тойынан бейнематериалдар жарияланып, бұл жаңалық көпшіліктің қызу талқысына түсті.

Қайсар Қанат
Автордың басқа материалдары