Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Парламенттің жоғарғы палатасы өкілеттігін тоқтатқаннан кейін өзін елдің вице-президенті қызметіне тағайындау ықтималдығы туралы ақпаратқа пікір білдірді, деп хабарлайды kznews.kz.
Бұл ақпарат Мемлекет басшысының елде вице-президент лауазымын енгізу жөніндегі ұсынысынан кейін тараған болатын.
«Менің ойымша, мұндай әңгімелер қоғамдық пікірталасты басқа арнаға бұрады. Олардың ешқандай негізі жоқ. Егер Қазақстан халқы жаңа Конституция жобасын референдумда қолдайтын болса, онда барлық кадрлық мәселелер жаңа Конституцияға сәйкес шешіледі», – деді Әшімбаев Сенат кулуарында.
Спикер сондай-ақ бірқатар мәселелер Президенттің құзыретіне жататынын атап өтті.
«Қазір де, жаңа Конституция қабылданғаннан кейін де белгілі бір лауазымды тұлғаларды тағайындау, белгілі бір кандидатураларды Құрылтайдың қарауына енгізу Президенттің құзырындағы мәселелер болады. Сондықтан қандай мұны өз басым орынсыз әрі артық деп санаймын. Сенат 1 шілдеден бастап референдумда жаңа Конституция қабылданғаннан кейін өз қызметін тоқтатса да, мен еліміздің қай саласында болса да қызмет етіп, әділетті, демократиялық, инновациялық Қазақстанды құруға үлес қоса беремін деп сенемін», – деді ол.