Отбасы мүшелерін дәмді тағаммен қуантқыңыз келсе, "пицца" бутербродын жасауға болады. Ол еш уақытыңызды алмайды, қамыр басуды қажет етпейді және дәмі пиццаға қатты ұқсайды. Наны қытырлақ, салындысы шырынды ыстық бутербродтың дайындалу жолын ұсынамыз.
Қажетті азық-түліктер:
- 4-5 тілім шұжық;
- 1 қызанақ;
- 70 г ірімшік;
- аскөк;
- 2 ас қасық майонез;
- 7-8 бөлке нан тілімі.