Каспийдегі love story: Маңғыстаулық жас жұбайлар референдумға катермен келді
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Массагеттен мәзір: "Пицца" бутерброды

Массагеттен мәзір: "Пицца" бутерброды

Отбасы мүшелерін дәмді тағаммен қуантқыңыз келсе, "пицца" бутербродын жасауға болады. Ол еш уақытыңызды алмайды, қамыр басуды қажет етпейді және дәмі пиццаға қатты ұқсайды. Наны қытырлақ, салындысы шырынды ыстық бутербродтың дайындалу жолын ұсынамыз. 

Қажетті азық-түліктер:

- 4-5 тілім шұжық;
- 1 қызанақ;
- 70 г ірімшік;
- аскөк;
- 2 ас қасық майонез;
- 7-8 бөлке нан тілімі.

Шұжықты төртбұрышты етіп тураймыз.

Қызанақты да төртбұрышты етіп тураймыз.

Ірімшікті үккіштен өткіземіз.

Аскөкті ұсақтап тураймыз.

Барлық ингредиенттерді ыдысқа салып, 2 ас қасық майонез қосып, жақсылап араластырамыз. 

Бөлке нанды бөліктерге кесеміз.

Салындыны нанның бетіне қойып шығамыз. Оларды 200 градуста қыздырылған пеште 10-15 минут пісіреміз.

"Пицца" бутерброды дайын! 

Автор
Санжар