KZNews.kz
Саясат

Масс-медиадағы тауарлардың кейбір түріне салынған тыйым күшін жоюы мүмкін

Торғын Абушахман
Фото: Ағыбай Аяпбергенов/ Kazinform

 Масс-медиадағы кейбір тауарлардың жарнамасына салынған тыйым ішінара алып тасталуы мүмкін. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары, Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Үкімет отырысында мәлім етті, деп хабарлайды kznews.kz.
    — Халықтың медиа сауаттылығын арттыру және тәуелсіз БАҚ-ты қолдауға ерекше назар аударылады. Бұл бағытта салалық журналистика комиссиясы және басқа да тетіктер арқылы тиісті жұмыстар жүргізіледі. Сондай-ақ, онлайн платформалар мен БАҚ арасындағы жарнама бөлу, кейбір тауарларды жарнамалауға тыйымды ішінара алып тастау мүмкіндіктері заңнама тұрғысынан қарастырылады, — деді министр.

Еске салсақ, кеше Ұлттық құрылтайдың ақырғы отырысы өтіп, жасөспірімдердің әлеуметтік желідегі белсенділігін реттеумен байланысты ұсыныс айтылған еді. 

Торғын Абушахман
Автордың басқа материалдары