"Екіге оқитын оқушы сияқтысыз" : депутат мұнай компаниясы бас директорының масқарасын шығарды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

«Масқара!»: Сәкен Майғазиев ұлының тойын онлайн көрсету үшін 1380 теңгеден алады

«Масқара!»: Сәкен Майғазиев ұлының тойын онлайн көрсету үшін 1380 теңгеден алады

Әнші Сәкен Майғазиев ұлының үйлену тойын онлайн көруге тіркеу ашты, деп хабарлайды Kznews.kz

Тойды онлайн трансляция арқылы көру үшін әр адам 1380 теңге төлеуі керек.

«Әділет пен Әдияның тойына онлайн қонақ болу үшін тіркелу басталды» деп жазды ол өзінің Instagram парақшасында.

Желідегілер әншінің бұл әрекетін сынап жатыр. 

«Масқара, Сәкен Майғазиев бұлай жасайды деп ойламаппын», «сендер арқылы ақша таппақшы, шығынды жабу керек», «сорлылар-ау», «сөз жоқ», «ойбай, тоймай жатыр ғой, жеке бас қуаныштарын да жарнамалап сату керек», - деген пікірлер жазды көпшілік.

Айта кетсек, жақында әншінің ұлы шаңырақ көтеріп, келінін ұзатып алып келген. Қыздың ерекше ұзату тойы көптің талқысына түсті. Сәкен Майғазиевтің келіні ұзату тойында ақ кілемге отырғызылып шығарылды. Енді жұлдыздың отбасы дүркіретіп той жасауға дайындалып жатыр. Мерекеге 2000 адамның шақырылғаны айтылды.

Оның тойын жүргізетін танымал продюсер Жан Мұқанов Майғазиевтер әулетінің қуанышын «елдің мәдени өміріндегі ерекше сәт» деп баға берген.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.