KZNEWS.KZ
Спорт

“Масқара”: Қуат Хамитов Қазақстан футбол ойыншыларын сынға алды

• Айжан Сыланова

Ол әлеуметтік желідегі жазбасында жас ойыншылардың ойын сапасы мен дайындығын қатты сынға алып, ел намысын қорғайтын спортшыларға жауапкершілік жетіспейтінін айтты.

“Жастар құрамасының ойыны — масқара. Еліміздің атынан шығып жатқан соң, әрқайсысы жанкештілікпен ойнауы керек. Осындай немқұрайлы қарым-қатынас спортты да, елдің намысын да төмендетеді”, – деді спортшы.

Айта кетейік, соңғы уақытта Қазақстанның жастар құрамасы Еуро-2025 іріктеу кезеңінде бірқатар сәтсіз матч өткізген болатын.

Айжан Сыланова
2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.
Автордың басқа материалдары →