"Миссис Мәскеу - 2018" атағын жеңіп алған Екатерина Лифшицтің сыртқы келбеті желідегілердің қызу талқысына түсті. 35 жастағы келіншекті көпшілік "жасандылығы" үшін айыптаған деп жазады dni.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.
Екатерина Лифщиц. Фото: dni.ru
2 желтоқсан күні Мәскеуде өткен "Миссис Мәскеу - 2018" байқауында жеңімпаз атанған Екатерина Лифщицке "әділ жеңіске жетпеді" деген сын тағылуда.
"Масқара", "Мынаны кім сұлу деп таңдаған?", "Әділ қазылардың көзі соқыр шығар", "Сұлулық байқауына пластикалық ота жасатқандарды қатыстырмау керек";
"Мына келіншектің барлық жері жасанды ғой", "Басқа қатысушыларға обал болды", "Ақшасы көп шығар", "Пластикалық отамен өзін құбыжыққа айналдырған адамды сұлу деп таңдағандары несі?", "Ұят екен. Бұл байқауды өткізбеген дұрыс еді", - деп жарыса пікір қалдырған желі қолданушылары.
Сіздің реакцияңыз
Спасибо за Ваше мнение
Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар