KZNews.kz
Саясат

Мәскеуді паналаған экс-басшылардың тізімі жарияланды

Азамат Қойшығара
Коллаж жасанды интеллект көмегімен дайындалды

Соңғы жылдары биліктен кеткен бірқатар бұрынғы мемлекет және өңір басшыларының Мәскеуді паналау фактісі жиі аталып жүр. Бұл жағдай қоғамда түрлі сұрақ туғызып, қызу пікірталасқа себеп болуда, деп хабарлайды kznews.kz.

Аталған тізімде өз елінде саяси дағдарысқа тап болып, кейін биліктен кеткен танымал тұлғалар бар. Олардың қатарында Сирияның экс-президенті Башар Асад, Грузияның Аджария аймағын басқарған Аслан Абашидзе, Қырғызстанның бұрынғы президенттері Асқар Ақаев пен Құрманбек Бәкиев, сондай-ақ Украинаның экс-президенті Виктор Янукович бар.

Бұл тұлғалардың тағдыры әртүрлі болғанымен, бәріне ортақ бір жайт бар: олар биліктен кеткеннен кейін өз елінде қалмай, сыртта өмір сүруді таңдады. Ал Мәскеу олардың көпшілігі үшін саяси әрі жеке қауіпсіздік тұрғысынан «ыңғайлы нұсқа» ретінде қабылданғаны байқалады.

Мәселен, Құрманбек Бәкиевтің қазіргі таңда Беларусь аумағында тұруы да Ресей басшылығының келісімімен жүзеге асқаны айтылып жүр. Ал Виктор Янукович пен Асқар Ақаев та ұзақ уақыт бойы Ресейде өмір сүріп келеді.

Қоғамда бұл үрдіс әрқалай бағалануда. Бірі мұны экс-басшылардың жауапкершіліктен қашуы деп санаса, енді бірі геосаяси факторлармен және бұрынғы байланыстармен түсіндіреді. Қалай болғанда да, бұл тізім посткеңестік кеңістіктегі билік пен жауапкершілік мәселесінің әлі күнге дейін өзектілігін көрсетіп отыр.

Азамат Қойшығара
Автордың басқа материалдары