Мәскеудегі Троекуров зиратынан Қырғызстанның тұңғыш президенті Асқар Ақаевтың ұлы, Нұрсұлтан Назарбаевтың бұрынғы күйеу баласы Айдар Ақаевтың жерленген орны көрсетілді, деп хабарлайды kznews.kz.
Зиратта түсірілген видеоны танымал тұлғалардың қабірлері туралы материалдар жариялайтын блогер Наиль Валиев әлеуметтік желідегі парақшасында бөліскен.
Оның айтуынша, Айдар Ақаевтың қабіріне қойылған бесік пішініндегі ерекше ескерткіш бірден көзге түседі. Жерленген орын Троекуров зиратының мұсылмандарға арналған бөлігінде орналасқан.
Айдар Ақаев 1998 жылы Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың кенже қызы Әлия Назарбаеваға үйленген. Олардың некесі шамамен үш жылға созылып, 2001 жылы ажырасқан.
Кейін Айдар Ақаев қырғызстандық тележүргізуші Сайкал Чокубаевамен отбасын құрған.
Айдар Ақаев 2020 жылғы 5 ақпанда Мәскеуде қайтыс болды. Бұқаралық ақпарат құралдарында тараған мәліметтерге сәйкес, оның өліміне жүрек талмасы себеп болған.