KZNEWS.KZ
Әлем

Мәскеу соты ақтаулық репердің мойнына айыппұл ілді

• Асқар Алтайұлы
Фото: ВКонтакте/Руслан Гоминов

Мәскеу соты есірткіні насихаттағаны үшін ақтаулық репердің мойнына айыппұл ілді, деп хабарлайды kznews.kz.

Ресейде танымал рэпер Ганвестке 70 мың рубль немесе шамамен 436 мың теңге көлемінде айыппұл салынды. Мәскеу соты орындаушыны ән мәтіндері арқылы есірткіні насихаттады деп таныды.

Сарапшылардың мәлімдеуінше, әндерден есірткі заттарына оң көзқарас пен қоғамдық моральға қайшы келетін бейәдеп сөздер анықталған.

Бұл — соңғы бірнеше ай ішінде әртіске салынған екінші айыппұл.

Өнерпаздың шын есімі — Руслан Гоминов. Ол Ақтау қаласының тумасы.

Асқар Алтайұлы
Kznews.kz сайтының Бас редакторы. ҚазҰУ Журналистика факультетінің түлегі. Медиаменеджер. БАҚ саласында 22 жылдық тәжірибесі бар. Кәсіби блогер.
Автордың басқа материалдары →