"3 бала әкесіз қалды" – Қарағандыда теміржолшы поездың астына түсіп, мерт болды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Мәсімовке тиесілі болған самурай қылышы аукционда сатылды

Мәсімовке тиесілі болған самурай қылышы аукционда сатылды
Фото: sauda.e-qazyna.kz

Кәрім Мәсімовтің қылышы аукционда сатылды. Ол 1,5 миллион теңгеге өтті, деп хабарлайды kznews.kz.

Бұған дейін тергеу аясында тәркіленіп, қайтарылған активтерді басқаруға берілген самурай қылышы 29 сәуірде электрон саудада сатылды.

"Қынабына салынған самурай қылышы: жүзі болаттан жасалған, жүзінің бойында өзіне тән терең емес ойық бар; қынабы қара түсті материалдан жасалған; сабы сұр түсті металдан жасалып, рельефті геометриялық өрнекпен безендірілген", - делінген лот сипаттамасында.

Бағалаушылар мәліметінше, қылыштың күйі жақсы, жүзінде 47911 сандары қашалған. Айта кетейік, қаруға бағалау 2024 жылдың желтоқсанында жасалған болатын.

Сондай-ақ құжатта қылыштың нарықтық құны 542 719 теңге екені атап өтілген.

Алайда лоттың бастапқы бағасы - 379 904 теңге болды. Нәтижесінде ол 1 586 954 теңгеге сатылды.

Баға ҚҚС-сыз көрсетілген. Келісімшартты рәсімдеу кезінде қорытынды құнға 16 пайыз көлемінде ҚҚС қосылады.

2025 жылдың қарашасында қылыш 542 719 теңгеге сатылған еді, бірақ жеңімпаз ақшаны төлемегендіктен, мәміленің күші жойылған.

2026 жылғы ақпанда самурай қылышы 3 413 825 теңгеге сатып алынғаны нақтыланды, бұл бастапқы 461 312 теңге бағасынан 7 еседен аса жоғары. Бірақ, шамасы, бұл мәміле де жүзеге аспаған сияқты.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.